Өндіріс


Asia Waters өндірісі «Көкшетау минералды сулары» — Қазақстандағы «болашақтың» зауыты. «Көкшетау минералды сулары» (КМВ) өндірісі — Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас. 25 жыл ішінде кәсіпорын ТМД сусындар индустриясының көшбасшысына айналды.

2016 жылдан бастап КМВ-де табиғи минералды су мен сусындар шығаратын қазақстандық экологиялық таза «болашақ зауыты» жобасы аясында ауқымды жаңғырту басталды. 2017 жылға қарай 100% қазақстандық өнім шығару жоспарланған. 2020 жылға дейін КМВ қуаты жылына 400 млн литрге жетеді.

Asia Waters - КМВ өндірісі — — бұл табиғи минералды суды бөтелкелеу зауыттары, газдалған, газдалмаған, алкогольсіз және алкогольді сусындар шығаратын зауыттар, ПЭТ-қаптама өндіретін зауыт, дайын өнімдер қоймалары, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тексеретін зертханалар.

Барлық КМВ зауыттары әлемдегі жетекші өндірушілер — Krones AG, Sidel Spa, Pall Gmbh, HEUFT, Siad, KHS — автоматтандырылған желілерімен жабдықталған.

Германияның PALL компаниясының каскадты нанотехнологиялық полимерлі картридждермен жабдықталған бірегей инновациялық микробиологиялық фильтрациясы табиғи минералды суды табиғи қасиеттерін өзгертпей, қауіпсіз тазарту мен суды дайындауға мүмкіндік береді.

КМВ дүниежүзілік экологиялық стандарттарға сәйкестік тексеруінен өтіп, экологиялық таза өнімдер өндіретін кәсіпорындардың Халықаралық қауымдастығынан сертификат алды.