Мақсаттар

Компанияның қысқа мерзімді жоспарларында Көкшетау қаласындағы өндірістік қуаттарды жедел жаңғырту қарастырылған. 2016 жылы кәсіпорын экологиялық таза деп танылып, Халықаралық экологиялық таза өнімдер шығаратын кәсіпорындар қауымдастығының сараптамасы негізінде өнімге «ЭКО» белгісін қолдануға ресми рұқсат алды (22 ақпан 2016 жылғы ЭКО сертификаты).

Ішкі нарықта отандық брендтерді дамыту. Елдің ішкі нарығында импортты алмастырудың стратегиялық бағдарламасын іске қосу және жүзеге асыру.

Сонымен қатар, компания қазақстандық экологиялық таза табиғи суды және оның негізінде шығарылатын сусындарды ТМД елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттауда үлкен мүмкіндіктер көреді.

Asia Waters брендтерінің зертханасы Азия аймағының әртүрлі нарық сегменттерінің қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа өнім түрлерін әзірлеуге кірісті.

Біздің жұмысымыз – бұл күн сайын әрбір тұтынушыға қолжетімді болатын, Қазақстанның ерекше табиғи суына негізделген экологиялық таза сусындарды өндіру.